Қауіпсіздік бәрінен де жоғары!

Ата-ана бақылауы – баланың мобильді абоненттік құрылғы немесе дербес компьютер арқылы Интернет желісін қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін қызмет. Сервис «Касперский зертханасы» ұсынатын Kaspersky Safe Kids және Internet Security for Android (KISA) бағдарламалары негізінде жүзеге асырылған.

Kaspersky Safe Kids

Қауіпсіз әлемді танып-білеміз

Бала онлайн қорғалғанда, ата-ана да алаңсыз болады. Kaspersky Safe Kids базасындағы қызметті іске қоса отырып, балаңызға Интернетте қауіпсіз ортаны қамтамасыз етіңіз – бұл ыңғайлы, сенімді, оңай, қолжетімді және уақтылы.

Internet Security для Android

  • Смартфоныңызды мобильді және басқа да интернет-қауіптерден қорғау (Вирусқа қарсы қорғау);
  • Қауіпті және алаяқтықпен айналысатын сайттарды бұғаттау (Интернетте қорғау);
  • Құрылғыны ұрлану мен жоғалудан қорғау (Ұрлыққа қарсы);
  • Қоңыраулар мен SMS сүзгілеу (тек смартфондар үшін);
  • Құпиялылықты қорғау (тек смартфондар үшін);

Ыңғайлы

Телефоннан, планшеттен немесе ДК-ден қолжетімді

  • Қызметті пайдаланудың алғашқы 2 күнінде абоненттік төлемсіз қолжетімділік

Сенімді

Қызметті қосқаннан кейін Сіз мынадай мүмкіндіктерге ие боласыз:

Баланың пайдалануына рұқсат етілген қолданбаларды анықтау;

Бала мобильді құрылғыларды пайдалана алатын уақыт аралығын белгілеу;*

Балаңыздың бірнеше әлеуметтік желідегі (Facebook және VK) белсенділігін қадағалау;

Белгілі бір веб-сайттарды бұғаттау немесе оларға қолжетімділікті уақытша шектеу;

Интернеттегі ықтимал қауіпті әрекеттер туралы хабарландыруларды алуға жазылу;

Сіздің балаңыздың/оның мобильді құрылғысының картадағы орнын көру;**

Android құрылғысында баланың қоңыраулары мен SMS хабарламалары туралы ақпаратты көру (iOS үшін қолжетімді емес)

Қажетсіз нөмірлерден келетін кіріс қоңыраулар мен SMS хабарламаларды бұғаттау және тиісті хабарландыруларды алу;***

Балаңыздың Интернеттегі белсенділігі бойынша есептер алу.

* Операциялық жүйеде қолданылатын шектеулерге байланысты iPhone және iPad құрылғыларын бұғаттау мүмкіндігі жоқ. Оның орнына бала ата-анасы белгілеген уақыт лимитінен асқанда, «Уақыт бітті» хабарламасын көреді. Толық функционал Windows және Mac компьютерлерінде, сондай-ақ Android телефондары мен планшеттерінде қолжетімді.

**Дәлдігі: +/- 500 м.

***Тек Android құрылғыларында қолжетімді.

Оңай

5 минуттан аз уақытта орнату:

  • *737# USSD пәрменін теру немесе 737 нөміріне SMS жолдау арқылы қызметті қосыңыз;
  • Қолданбаны іске қосу кодтарын алыңыз;
  • 737 нөмірінен SMS арқылы алынған сілтемемен өтіп, «Kaspersky Safe Kids» (KSK) қолданбасы мен Kaspersky Internet Security for Android (KISA) жүктеп алыңыз; *
  • Қолданбаларда тіркеліңіз;
  • Safe Kids қолданбасының толыққанды жұмыс істеуі үшін my.kaspersky.com порталында іске қосу кодын енгізіңіз.
  • Android-қа арналған Internet Security қолданбасының толыққанды жұмыс істеуі үшін тікелей қолданбаның өзінде іске қосу кодын енгізіңіз.

* Сервистің мазмұны, сапасы және жедел ұсынылуы үшін жауапкершілікті «Инлаб» ЖШС көтереді. «Инлаб» ЖШС Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, соның ішінде лицензиялау, лицензиялық келісімдер туралы заңнама, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, авторлық және сабақтас құқықтар туралы патенттік заңнама талаптарының орындалуы үшін Оператордың, үшінші тараптардың, абоненттердің алдында толық көлемде жауапкершілік көтереді.

Сіз өзіңіздің жүйелік қамтамасыздандыруыңызға: Android, iOS, Windows, Mac сәйкес сілтемемен өтіп таныса аласыз.

#

Маңызды:

Қолданба баланың құрылғысына да, ата-ана пайдаланатын құрылғыға да орнатылады, бұл ретте пайдаланушы (ата-ана/бала) профилі нақтыланады. Қолданбаны сол пайдаланушының сол бір аккаунтымен ата-аналардың (2 құрылғы) және балалардың (5 құрылғы) құрылғыларында бір мезгілде орнатуға болады. Компьютерде ата-ана мен баланың аккаунттары әр түрлі болады.

* Сервисті Компания желісі арқылы пайдаланғанда, мобильді интернет-трафикті тарифтеу Пайдаланушының (Абоненттің) тарифтік жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Сервисті бөгде интернет-операторлардың интернеті арқылы пайдаланғанда, кіріс және шығыс интернет-трафигі роумингте белгіленген стандартты тарифтер бойынша тарифтеледі. Роумингте интернет-трафиктің тарифтелуін болдырмау үшін Компания Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шыққан кезде Сервисті өшіруге кеңес береді.

Қолжетімді

Баланың құрылғысында

  • Қарсы алу кезеңінен өту.
  • Қолданбаны пайдалану талаптарын қабылдау.
  • Жаңа пайдаланушы аккаунтын құру немесе қолданыстағысын (бар болған жағдайда) көрсету
  • Пайдаланушы (бала) профилін көрсету
  • Балаға аккаунт ашу немесе қолданыстағысын таңдау
  • Баланың Интернеттегі әрекеттерін бақылау үшін артықшылықтар мен рұқсаттарды баптау

Ата-ана құрылғысында

  • Қолданбаны орнату кезінде пайдаланушы (ата-ана) профилін көрсету.
  • Қолданбаға кіру кезінде әр жолы енгізу қажет болатын, 4 саннан тұратын PIN-кодты көрсету (құрылғыны бірнеше адам пайдаланған жағдайда).
  • Баланың Интернеттегі белсенділігі бойынша қажетті хабарламаларды баптау. Олар былайша бөлінген: «Хабарламалар» (тыйым салынған сайттарға кіруге әрекеттену туралы қолданбадағы немесе электронды пошта арқылы жіберілетін хабарламалар), «Менің балам қайда» (картада баланың мобильді құрылғыны пайдалану орнын анықтау), «Баптаулар» (белгілі бір сайттар, қолданбалар, құрылғыны пайдалану периметрі үшін шектеулер) және «Қосымша».

Бейне-туториалдар

Жүйелік талаптар

Kaspersky Internet Security Android-та қызмет жасауы үшін жүйелік талаптар

  • Kaspersky Internet Security Android-та қызмет жасауы үшін мобильді құрылғы келесі талаптарға сай болуы керек:

    • Экранның рұқсат етілген көлемі кемінде 320×480 пиксел.
    • Операциялық жүйе: Android 4.2 — 8.1.
    • Процессор құрылымы Intel Atom x86 немесе ARM7 және одан жоғары.
    • Құрылғының негізгі жадында 120 МБ бос орын болуы керек.

    Қосымша құрылғының негізгі жадына ғана орнатылады.
    Қоңыраулар фильтірі және SMS, Байланыс мәлімметтері және SMS Анти-Фишинг міндеттерін қолдану үшін құрылғыға орнатылған SIM-карта болуы керек.
    Kaspersky Internet Security түрленген шағын бағдарламасы бар және екі SIM-картасы бар құрылғыларда жұмыс істемейді.

Kaspersky Safe Kids үшін жалпы жүйелік талаптар.

  • Дербес компьютер үшін:
    • 120 МБ бос орын.
    • Интернетке қосылу.
    • Компьютер тышқаны.
    • Internet Explorer 9.0 және одан жоғары.
    • Windows Installer 3.0және одан жоғары.
    • Microsoft .Net Framework 4 немесе одан жоғары.

    Mac үшін:
    • 280 МБ бос орын
    • Интернетке қосылу.
    • Компьютер тышқаны.

    Android құрылғылары үшін:
    • 500 МБ бос орын.
    • Экранның рұқсат етілген көлемі кемінде 320*480.
    • Интернетке қосылу.

    iPhone / iPad үшін:
    • 150 МБ бос орын.
    • Интернетке қосылу.

© «Кселл» АҚ 2000–2019.

© «Кселл» АҚ 2000–2019.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі 08.06.1998 берген мемлекеттік лицензия № ДС0000270, мерзімсіз.